«Әбілхан Қастеев туындылары»

2019 жылдың қаңтар айында «Приозерск қалалық кітапханасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің оқу залында қазақтың әйгілі кескіндемешісі, график-суретші, қазақ бейнелеу өнерінің негізін салушылардың бірі Қазақстанның Халық суретшісі Әбілхан Қастеевтің туғанына 115 жыл толуына орай «Әбілхан Қастеев туындылары» атты танымдық сағат өтті. Іс-шараға қаладағы 44841 әскери  бөлімінің сарбаздары мен қызметкерлері, кітапхана оқырмандары қатысты.

Мақсаты: қазақтың саңылақ суретшісі Әбілхан Қастеев туралы білімдерін толықтырып,суретшінің қыл қаламынан туған шығармаларын таныстыру;

Халық өмірінің алуан көріністерін шынайы бейнелеген мыңнан астам көркем туындыларды дүниеге келтірген  Әбілхан Қастеев қолөнерге, онан соң суретшілік өнерге жастайынан бейім болған. Әбілхан Қастеев сурет салудағы  басты  тақырыптары табиғат көріністері және кескіндемелік  салада жасаған еңбектері қазақ бейнелеу өнерінде ерекше орын алады.

Іс-шара барысында Қазақстанның Халық суретшісі Әбілхан Қастеев жайлы  презентация көрсетіліп, «Мирас болған мол мұра», «Қылқалам шебері» атты кітап көрмелері оқырмандар назарына ұсынылды.

DSC_0002 DSC_0003 DSC_0004 DSC_0008 DSC_0014 DSC_0024 - копия DSC_0052 DSC_0053