Әбілхайыр хан-мәңгілік бейне

2023 жылдың 20 шілде күні кітапханада  ірі мемлекет қайраткері, қолбасшы, мәмілегер, Кіші жүз ханы Әбілхайыр ханның  330 жылдығына орай « Әбілхайыр хан-мәңгілік бейне» тақырыбында тарихи кеш өтті. Әбілқайыр хан – Қазақ хандығы тарихында жарқыраған тұлға. Қазақ жерін жаудан қорғау, тұтастығын сақтауда үлкен атақ - абыройға ие болған жауынгер батыр, билеуші, ірі мемлекет қайраткері, қолбасшы, мәмілегер, Кіші жүз ханы. Әбілқайыр хан 1693 жылы Түркістан қаласында дүниеге келген. Ол - Әз Жәнібектің бесінші ұрпағы. Әбілқайыр жастайынан батылдығымен танылып, дарынды әскербасы және білгір қолбасшы болды. Шара барысында кітапханашы Әбілқайыр ханның халқы үшін жасаған игі істері мен ерлігі, дарынды әскербасы, білгір қолбасшы, хан тағына отырған шақта білікті саясаткерлігінің арқасында ел тұтастығын сақтай білген тарихи тұлға туралы ақпараттармен бөлісіп, «Әбілхайыр хан-мәңгілік бейне» атты кітап көрмесі оқырмандар назарына ұсынылды