«Білім» орталығы
2019 жылдың 5 шілде күні Елбасының «Рухани жаңғыру» бағдарламасының негізінде және «Нұр Отан» партиясының «Қазақстан кітапханалары-заманауи білім орталықтары» бастамашыл жобасы аясында «Приозерск қалалық кітапханасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде «Білім» орталығының ашылу салтанаты өтті.
Орталықтың салтанатты тұсаукесер рәсіміне «Нұр Отан» партиясы Приозерск қалалық филиалының төрағасы, әрі қала әкімі Қайрат Амангелдіұлы Камзин, «Нұр Отан» партиясы қалалық филиалының бірінші орынбасары Дулат Орынбасарұлы Дүйсембаев, қала басшылығы, жергілікті мәслихат депутаттары, Ішкі саясат және тілдерді дамыту бөлімінің басшысының міндетін атқарушы Ж.Т.Дулатова, жастар ресурстық орталығы, ардагерлер кеңесі, кітапхана қызметкерлері қатысты.
Қала әкімі Қайрат Амангелдіұлы Камзин, «Нұр Отан» партиясы қалалық филиалының бірінші орынбасары Дулат Орынбасарұлы Дүйсембаев салтанатты түрде «Білім» орталығының лентасын қиды.
Салтанатты сәтте алғашқы құттықтау сөз сөйлеген «Нұр Отан» партиясы қалалық филиалының бірінші орынбасары Дулат Орынбасарұлы Дүйсембаев келешекте бұл орталық қала тұрғындарының рухани жетілуіне зор ықпал ететін, ілім-білім ордасы болып қалыптасады деген сенімін білдіріп, Нұр-Сұлтан қаласының 21 жылдығы мерекесі қарсаңында ашылып отырған білім орталығының қызметіне сәттілік тіледі.
Кітапхана директоры Павлина Сиязбековна Кенжебекова қонақтар мен оқырмандарды кең әрі жарық бөлмеге жайғасқан орталықпен таныстырды.
Білім орталығы екі алаңға бөлінген: білім мен ғаламтор, кітап оқу және жұмыс алаңы.
Барлық алаңдар қажетті құралдармен жабдықталған. Білім мен ғаламтор алаңында керекті ақпараттарды алып, әлем бойынша жаңалықтарды біліп, ой-өрісін кеңейтуге, теледидардан қызықты бағдарламалар мен мультфильмдерді көруге мүмкіндік мол. Келесі алаң – кітап оқу алаңы. Оқырмандар жұмсақ жиһазға отырып, кітап, мерзімді басылымдар оқиды, демалады. Жұмыс алаңында келешекте конференция,дөңгелек үстел сынды түрлі форматтағы іс-шаралар өткізіліп тұрады.