Болашақтың мекені
Приозерск қаласының құрылғанына 70 жыл толуына орай «Болашақтың мекені» атты тарихи ақпараттық кеш өткізілді. Мақсаты: Приозерск қаласының 70 жылдық тарихын кеңінен насихаттау, қаланың қалыптасуы мен даму кезеңдері туралы тарихи деректерді таныстыру, туған өлкенің тарихына деген қызығушылықты арттыру, жастарды елжандылыққа, отансүйгіштікке тәрбиелеу және туған жерді қадірлеуге баулу;
Іс-шара барысында қатысушыларға қаланың қалыптасу тарихы, Сарышаған сынақ полигонының құрылуы, Приозерск қаласының алғашқы жылдары және оның әлеуметтік-экономикалық даму кезеңдері туралы тарихи мәліметтер ұсынылды. Сонымен қатар қаланың өткені мен бүгініне қатысты фотосуреттер мен архивтік материалдар, Приозерск қаласының көрнекті орындары, мәдениеті мен тұрғындарының еңбегі туралы ақпарат берілді. Қала тарихына арналған кітаптар мен өлкетану әдебиеттерінен кітап көрмесі ұйымдастырылды. Іс-шара соңында қатысушылар туған қаланың тарихы туралы өз ойларымен бөлісіп, Приозерск қаласының болашағы мен оның жас ұрпақ үшін маңызы жөнінде пікір алмасты.