Бір шаңырақ астында

        2026 жылдың 4 мамыр күні Қазақстан халықтарының бірлігі күніне орай «Бір шаңырақ астында» ақпараттық сағат өткізілді. Мақсаты: жастарға Қазақстан халықтарының бірлігі мен татулығының маңызын түсіндіру, түрлі ұлт өкілдерінің мәдениеті мен салт-дәстүріне құрметпен қарауға тәрбиелеу, достық пен ынтымақтастықты нығайту. Іс-шара барысында кітапханашы Қазақстан халықтарының бірлігі күні туралы мағлұмат беріп, еліміздегі көпұлтты халықтың татулығы жайында әңгіме өрбітті. Оқушылар белсенді қатысып, өз ойларымен бөлісті. Сонымен қатар, тақырыпқа сай бейнеролик көрсетіліп, оның мазмұны талқыланды. Қызықты әрі танымдық ойындар ойнатылып, оқушылардың бір-бірімен қарым-қатынасы нығая түсті. Сонымен қатар, бірлік пен достық тақырыбына арналған кітап көрмесі таныстырылып, ондағы әдебиеттерге шолу жасалды.