Біржан сал – әлеуметтік өмір жыршысы

Қазақтың атақты әнші-композиторы, әйгілі ақыны  Біржан сал  Қожағұлұлының  туғанына 185 жыл толуына орай   2019 жылдың 13 наурыз күні «Приозерск қалалық кітапханасы» коммуналдық-мемлекеттік мекемесінің «Атамұра» орталығында «Біржан сал – әлеуметтік өмір жыршысы»  атты әдеби-сазды кеш өткізілді. Кешке   №1мектептің 10 сынып оқушылары қатысты.

Кеш мақсаты: Қазақ халқының атақты әнші, композиторы Біржан салдың өмірі және шығармашылық жолымен таныстыру.

Оқырмандарға байтақ даламыздың әншісі, жерлесіміз Біржан салдың өмірі мен жеке шығармашылығын таныстырып өттік. Көрермендер назарына «Айтыс» өнері қойылды. Әншінің өлеңдері мәнерлеп оқылып, әндері шырқалды. Сонымен қатар «Ән жүйрігі – Біржан сал» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды.

IMG_20190313_131747 IMG_20190313_131907

IMG_20190313_132220 IMG_20190313_132336

 IMG_20190313_132126