Біз бір елміз

Алғыс айту күні – Қазақстан халқын мәңгілікке біріктіруге бағытталған «Мәңгілік Ел» жалпыұлттық патриоттық идеясының, қазақстандық бірегейліктің негізгі арқауы – еліміздегі барлық ұлт пен ұлысты бір шаңырақ астына топтастыратын Қазақстан халқы Ассамблеясының күні.

1-наурыз «Алғыс айту» күніне орай кітапхананың «Білім» орталығында №2 мектептің 10 сынып оқушырымен «Біз бір елміз» тақырыбында танымдық кеш өткізілді. Мақсаты: Тәрбиеленушілердің жанұяға, ата - анаға, үлкен - кішіге деген сүйіспеншілігін, сыпайылық қарым - қатынастарын дамыту. Елімізде тұрып жатқан әр түрлі ұлттар мен ұлыстардың арасындағы достық пен ынтымақтастықты дәріптеу, салт - дәстүрін, мәдениетін өзіндік үлгі өнегесін оқушылардың бойына сіңіру. Бейбітшілікте татулықта өмір сүруге тәрбиелеу. Іс-шара барысында оқырмандарға қызмет ету бөлімінің кітапханашысы Д.Төлбасы барша халықты «Алғыс айту» мерекесімен құттықтап, ризашылық пен алғыс, жақсы тілек, ізеттілік туралы түсінік беріп, бір - бірімен үйлесімді қарым - қатынас жасай білуге үйрету мақсатында кең ауқымды ақпарат беріп өтті. Оқушылар бір-біріне жылы тілек, лебіздерін білдіріп рахмет айтты, бейнеролик көрсетіліп, кітап көрмесі ұйымдастырылды.

 

12 13 14 15 20 17 18 19