Біздің күшіміз бірлікте
2018 жылдың 27 сәуір күні «Приозерск қалалық кітапханасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде 1 мамыр Қазақстан халықтарының бірлігі күніне орай «Біздің күшіміз бірлікте» атты танымдық сағаты өтті. Іс-шараға № 1 мектептің 9 сынып оқушылары қатысты.
Мақсаты: 1 мамыр Қазақстан халықтар бірлігі күні екенін оқушыларға жеткізу; Ынтымақтыққа, достыққа, өз Отанын сүюге, қорғауға тәрбиелеу.
Отан- әр адамның жүрегіне жылы тиер қасиетті сөз.
Адам жүрексіз өмір сүре алмайды. Отан- біздің туған жеріміз, өзіміздің туған- туысқанымыз, дос- жаранымыз бен тұратын еліміз.
Жергілік ұлт қазақтармен бірге басқа да 130-дай ұлт өкілдері тұрады. Мұнда ұлтына, нәсіліне қарамай барлық халық өкілдері бір-бірімен туысқандай болып кеткен. Қазақстанның шаруашылығы мен мәдениетін дамытуға барлық ұлт өкілдері белсене қатысып,бірлесе еңбек етіп келеді.Сондықтан 1- мамыр Қазақстан халықтарының бірлігі күні болып аталады.
Оқырмандар назарына «Біздің күшіміз бірлікте» атты презентация көрсетіліп , «Ынтымақ- достық кепілі» кітап көрмесі ұйымдастырылды.