Ғасыр адамы-Олжас Сүлейменов

    «Рухани жаңғыру» бағдарламасының «Жаһандық әлемдегі замануи Қазақстандық мәдениет» арнайы жобасы аясында  2021 жылдың 18 мамыр күні Қазақстанның  Халық жазушысы, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, ақын Олжас Сүлейменовтің туғанына 85 жыл толуына орай қаламыздың №2 жалпы білім беретін мектептің 9 сынып оқушыларының қатысуымен «Ғасыр адамы-Олжас Сүлейменов» атты әдеби кеш өткізілді.

       Аталған кештің мақсаты: О.Сүлейменов шығармаларын жастар арасында насихаттау, оның жаһандық және ізгілік дүниетанымының мән-мағынасы мен мазмұнын түсіндіру, оқушылардың мәдениет құндылықтарына қызығушылығын арттыру, жастарды тұлға арқылы тәрбиелеу. Кітапханашы А.Ешжанова  ақынның өмірбаяны мен  шығармалылық  жолына тоқталып, кітаптарымен таныстырды. Іс-шара соңында кітап көрмесі ұйымдастырылып, оқушылар ақын өлеңдерінен үзінді оқыды.

11 13 14 15