Чернобыль: қасірет пен ерлік
2026 жылдың 21 сәуір күні Чернобыль АЭС апатына 40 жыл толуына орай «Чернобыль: қасірет пен ерлік» атты тарихи сағат мектеп оқушыларының қатысуымен өткізілді. Мақсаты: Оқушыларға 1986 жылғы Чернобыль атом электр станциясындағы апаттың себеп-салдарын түсіндіру, оның адамзатқа, экологияға тигізген зардабын ұғындыру. Сонымен қатар апат кезінде ерлік көрсеткен құтқарушылар мен қарапайым азаматтардың батырлығын дәріптеу, жас ұрпақты отансүйгіштікке, жауапкершілікке тәрбиелеу.
Іс-шара барысында қатысушыларға Чернобыль атом электр станциясы туралы тарихи мәліметтер ұсынылды. Апаттың қалай болғаны, оның зардаптары жайлы бейнеролик көрсетіліп, түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Оқушыларға сұрақтар қойылып, пікір алмасу ұйымдастырылды. Сонымен қатар, апат салдарын жоюға қатысқан батырлар туралы деректер айтылып, олардың ерлігі ерекше аталып өтті. Тақырыпқа байланысты кітап көрмесі таныстырылып, қатысушылар назарына ұсынылды.