Чернобыль – дерек, Чернобыль - қасірет

2021 жылдың 28 сәуірінде балалар бөлімінде кітапханашы Г. Ермагамбетова  Чернобыль  АЭС-дағы  апатқа 35 жыл толуына орай «Чернобыль – дерек, Чернобыль - қасірет» атты экология сағатын өткізді.       Іс-шараға №2 ЖББМ 5-сынып оқушылары қатысты.

      Мақсаты: жасөспірімдерде экологиялық мәдениет және адамзат алдында тұрған жаһандық мәселелерге қатысты белсенді өмірлік ұстанымды қалыптастыру; апат құрбандарын  құрметтеуге баулу. Балаларға  планетамызға ядролық  қауіп төндіріп, бүкіл  дүниежүзін дүр сілкіндірген  Чернобыль апатының адамзатқа келтірген зардабы туралы айтылды. Содан соң жасөспірімдерге апат қасіретін және адамдардың  ерліктерін паш ететін деректі фильмі көрсетіліп, кітап  көрмесіне шолу жасалды.

1 2 3 4 t6PR_3ZF5Ic 7