Далада оқу – даналыққа жол

       18-19 сәуір күндері «Weekend. Book. Vibes» апталығы аясында «Далада оқу – даналыққа жол» таза ауада кітап оқу шарасы өткізілді. Мақсаты: Балалардың кітап оқуға деген қызығушылығын арттыру, бос уақыттарын тиімді әрі пайдалы өткізуге бағыттау. Табиғат аясында оқу арқылы олардың ой-өрісін кеңейтіп, рухани дамуына ықпал ету, сондай-ақ салауатты өмір салтын насихаттау. Аталған шара кітапхана жанындағы ашық алаңда, таза ауада ұйымдастырылды. Балалар беседкада жайғасып, өздеріне ұнаған кітаптарын таңдап оқыды. Кітапханашы оқушыларға ұсынылған әдебиеттер туралы қысқаша мәлімет беріп, оқу мәдениеті жайында түсіндірме жасады. Іс-шара барысында балалар еркін атмосферада кітап оқып, бір-бірімен әсерлерімен бөлісті. Кейбір оқушылар оқыған шығармалары бойынша пікір айтып, сүйікті кейіпкерлерін атап өтті. Табиғат аясындағы тыныш орта балалардың кітапқа деген қызығушылығын арттырып, оқуға деген ынтасын күшейтті.