Дана бабам, дара тұлғам-Әйтеке би

Қазақ халқының бірлігін нығайтуға үлкен үлес қосқан атақты үш бидің бірі, мемлекет қайраткері Әйтеке бидің туғанына 375жыл толуына орай  2019 жылдың  20 қараша күні «Приозерск қалалық кітапханасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде «Дана бабам, дара тұлғам-Әйтеке би» атты тарихи сағат өтті.

       Мақсаты: Қазақтың атақты биі Әйтеке туралы толық мәлімет беру, Әйтеке бидің өмір тарихын, қазақ әдебиеті мен тарихында алатын орны туралы, шешендік өнері туралы мағлұмат беру;

     Іс-шара барысында  кітапханашы оқушыларға Әйтеке бидің өмірбаяны мен шешендік жолы туралы видеоролик көрсетіліп, оқушылар Әйтеке би жайлы өз ойларын айтып бөлісті. Оқырмандар назарына «Дана бабам, дара тұлғам-Әйтеке би» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды.

 

2 12