Дана сөздің дарасы

2018 жылы  20 шілде  күні «Приозерск қалалық кітапханасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің оқу бөлімінде ақын, аудармашы,тарихшы, философ,сазгер Шәкәрім Құдайбердіұлының 160 жылдығына орай «Дана сөздің дарасы» тақырыбында дөңгелек үстел  ұйымдастырылды.  Іс шараға кітапханамыздың тұрақты оқырмандары қатысты.

Мақсаты: Шәкәрім шығармаларын оқыту арқылы оқырмандардың ойлау қабілеттерін дамыта отырып,адамгершілік,еліне,туған жеріне деген сүйіспеншілігін арттыру.

Оқу бөлімінің кітапханашысы М. Айтжанова оқушыларға Шәкәрімнің философиялық көзқарасы - ұлттық философияның қалыптасуына зор ықпалын тигізген «Түрік, қырғыз, қазақ һәм хандар шежіресі», «Мұсылмандық шарты» туындылары, «Үш анық», «Өкінішті үміт» аталатын еңбектеріне библиографиялық шолу жасады.Жеті жасынан өлеңге қабілеттілігін танытқанын, өз бетімен араб, парсы, түрік, орыс тілдерін игеріп, шығыс, орыс классиктерінің шығармаларынан нәр алғаны туралы айтылды. Іс-шара барысында оқушылар ақынның «Жастарға», «Жер жүзіне қарасам» атты өлеңдерін мәнерлеп оқыды.

Оқырмандар назарына «Шәкәрім ұлы тұлға» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды.

1 2 3 4 5 6