Дауылпаз ақын- ел мақтаны

2023 жылдың 18 мамыр күні  кітапхананың «Білім» орталығында «Дауылпаз ақын – ел мақтаны» атты сол бір замандағы ел мұңын жақтаған шаруалар қозғалысының қайраткері, әрі ақын – Махамбет Өтемісұлының туғанына 220 жыл толуына  орай оқушылардың қатысуымен ерлік сағаты өткізілді. Іс-шара барысында, қоғам қайраткері, шаруалар қозғалысының күрескері әрі ақын Махамбет Өтемісұлының өмірбаяны, елі мен халқы үшін істеген ерен еңбектері, ақынның өлеңдерінің шығу тарихынан мағлұматтар беріліп, ақын туралы бейнеролик көрсетілді.

      Сонымен қатар оқушылар ақынның рухты, жалынды жырлары “Қызғыш құс», «Ереуіл атқа ер салмай» өлеңдерін жарыса оқыды. «Дауылпаз ақын-ел мақтаны» кітап көрмесіне шолу жасалды.