Әдебиет қыраны

2021 жылдың 6 маусым күні ақын, жазушы Сапарғали Ләмбековтың туғанына 85 жыл толуына орай оқырмандарға қызмет ету бөлімі «Әдебиет қыраны» слайдшоу ұйымдастырылды. Мақсаты: жазушының өмірі мен шығармашылығын насихаттау. Қазақ елінің мақтанышына айналған жазушыны құрметтеуге, әдебиетті білуге тәрбиелеу.

       Сапарғали Ләмбеков Еңбек ардагері, КСРО Баспасөз үздігі, Қазақстан Журналистер одағының Кәкімжан Қазыбаев атындағы сыйлығының иегері. Қарқаралы ауданының Құрметті азаматы, «Құрмет» орденінің иегері. Ол көптеген өлең, бірнеше поэма, прозалық және драмалық шығармалардың авторы.