Әдебиеттің айнасы

Жазушы, филология ғылымдарының докторы, профессор Тұрсын Жұртбайдың туғанына 75 жыл толуына орай «Әдебиеттің айнасы» танымдық кеш өткізілді. Мақсаты: қаламгердің қазақ әдебиеті мен руханиятына қосқан үлесін насихаттау. Жазушының Абайтану, Әуезовтану, Алаштану бағытындағы еңбектеріне қызығушылықтарын арттырып, кітап оқуға деген ынтасын ояту.

Танымдық кеш барысында Тұрсын Жұртбайдың өмір жолы мен шығармашылығы туралы кеңінен мағлұмат беріліп, қаламгердің көркем шығармалары мен ғылыми-зерттеу еңбектеріне шолу жасалды. «Ұраным – Алаш!..», «Бесігіңді түзе», «Талқы», «Құнанбай» және басқа да еңбектері таныстырылды. Сондай ақ, жазушының қазақ әдебиеті мен ұлттық руханиятты зерттеудегі еңбегі сөз болып, қатысушылар қаламгер шығармашылығына қатысты ой-пікірлерімен бөлісті. Сонымен қатар кітап көрмесі ұйымдастырылып, оқырмандарға Тұрсын Жұртбайдың әдеби және ғылыми мұрасын кеңінен танып-білуге мүмкіндік берілді.