Ашық есік күні

16 сәуірде Ұлттық кітап апталығы аясында Приозерск қалалық кітапханасында Ашық есік күні өтті, оған Приозерск қаласының мансаптық орталығының ұжымы қатысты.
Кітапхана қонақтары үшін балалар бөлімшесі, қызмет көрсету бөлімі, оқу залы, "Білім"орталығы бойынша экскурсия өткізілді. "Буккроссинг" халықаралық қозғалысы, электронды кітаптары бар стенд, әдеби өлкетану сөресі, клуб, үйірме және жобалық жұмыстар кабинеті бар стеллаждар көрсетілді. Ұжым мерейтойлық оқиғалар, ҚР Президентінің Жолдауы, жұмысшы мамандықтар жылы, авторлар мен олардың шығармаларының мерейтойлары бойынша тұрақты жұмыс істейтін тақырыптық көрмелермен танысты. Миниатюралық, дыбыстық кітаптар, стандартты емес басылымдар ерекше қызығушылық тудырды. Экскурсия қорытындысы бойынша келушілерге әртүрлі тақырыптар бойынша буклеттер таратылды.