Жоралғы күні
23 наурыз - "Жоралғы күні". Қазақтың әдет-ғұрпында жол-жоралғы деген ұғым бар. Бұл - әр адамның еңбегіне, ата-тегіне, туыстық қатынастығына сай жасалатын алысберіс, сый-сыяпат ретінде берілетін тарту-таралғы. Мұның әр түрлі жoлдармен жасалатын реті болады. Бұл қазақ халқының бай дәстүрі айшықталатын күн. Ежелден келе жатқан салтжоралғыларының озығы сұрыпталатын сәт. Бүгінгі қазақ қоғамына достық пен мейірбандықты, адамгершілік деген ұлы қасиетті дәріптейтін дәстүрлер орындалады.