Дені сау ұрпақ – ел болашағы

         Дүниежүзілік денсаулық күніне орай мектеп оқушыларының қатысуымен «Дені сау ұрпақ – ел болашағы» атты мазмұнды диспут ұйымдастырылды. Мақсаты: жас ұрпақтың денсаулыққа деген жауапкершілігін арттыру, салауатты өмір салтын насихаттау, зиянды әдеттерден аулақ болуға тәрбиелеу және өз денсаулығын күту мәдениетін қалыптастыру. Диспут барысында оқушылар денсаулықтың адам өміріндегі маңызы туралы өз ойларын ортаға салды. Шара аясында арнайы бейнеролик көрсетіліп, оның мазмұны бойынша пікір алмасу ұйымдастырылды.

     Сонымен қатар қатысушыларға түрлі сұрақтар қойылып, олардың белсенділігі мен ойлау қабілеттері байқалды. Оқушылар өзара пікір алмасып, салауатты өмір салтының артықшылықтарын талқылады, тақырыпқа сай кітап көрмесі ұйымдастырылып, денсаулыққа қатысты пайдалы әдебиеттер таныстырылды. Іс-шара соңында оқушылар денсаулықтың басты байлық екенін түсініп, оны сақтау әр адамның өз қолында екеніне көз жеткізді. Диспут жоғары деңгейде өтіп, қатысушыларға жақсы әсер қалдырды. Мұндай шаралар өскелең ұрпақтың саналы, сергек, дені сау болып қалыптасуына ықпал етеді. Шара соңында оқушылар естелік суретке түсіп, көтеріңкі көңіл күймен тарқасты.