Денсаулық-ел байлығы
2023 жылдың 17 маусым айында кітапхананың оқу бөлімінде жастарға дұрыс тамақтану мәдениетінің негізін қалау, дұрыс тамақтанудың негізгі принциптерімен таныстыру, салауатты өмір салтын қалыптастыру мақсатында «Денсаулық-ел байлығы» атты қызықты хабарлар сағаты ұйымдастырылды. Мақсаты: жас ұрпаққа салауатты өмір салтын қалыптастыру туралы насихаттау,адам денсаулығының бағалы байлық екенін түсіндіру;
Іс-шара барысында кітапханашы дұрыс тамақтану тиімділігі, зиянды әдеттерден аулақ болып, күн тәртібін дұрыс ұйымдастыру, салауатты өмір сүру жолдары жайлы айтып өтті. Сондай-ақ балалар денсаулық туралы мақал-мәтелдер,жұмбақтар, ойын ойнатылып, кітап көрмесімен танысты.