Денсаулық-зор байлық
7 сәуір Дүниежүзілік денсаулық күніне орай «Приозерск қалалық кітапханасы» КММ-нің оқырмандарға қызмет ету бөлімінде онлайн форматта «Денсаулық-зор байлық» тақырыбында денсаулық сағаты өткізілді.
Мақсаты: салауатты өмір салтын насихаттап, өз денсаулығын күте білуге , зиянды әдеттерден аулақ болуға баулу, еліміздің болашағы жастардың қолында екенін айта отырып болашаққа деген көзқарас қалыптастыру. Шарада кітапханашы дұрыс тамақтанудың денсаулыққа берер пайдасы мол екендігін, оны бүгінгі медицина ғылымы дәлелдегенін айтып, кең түсініктеме берді.