Әділдіктің жаршысы
2024 жылдың 18 қыркүйек күні кітапхананың оқу бөлімінде атақты би, басшы, мемлекет қайраткері Шорман би Күшікұлының туғанына 225 жыл толуына орай « Әділдіктің жаршысы» атты тұлғатану кеші өтті. Шара барысында Шорман би Күшікұлының өмір жолы, сондай-ақ қиын-қыстау заманда ел бастаған көсемдігі, әділдігі, шешендігімен қазақ тарихында қалған заңғар тұлға жөнінде мағлұмат берілді. Шара соңында тақырыпқа сай дайындалған кітап көрмемен таныстырып, көрмеге шолу жүргізді.