Дінсіз тәрбие – тамырсыз көшет
2018 жылдың 20 шілде күні «Приозерск қалалық кітапханасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің оқу бөлімінде «Дінсіз тәрбие – тамырсыз көшет» атты ақпараттық сағат ұйымдастырылды. Іс – шараға оқырмандар және де оқушылар қатысты.
Мақсаты: жас ұрпақты асыл дінімізді түрлі жаман әдеттерден қорғап, дініміз туралы көбірек мәлімет беру; қоғамды тәрбиелеуде діннің дұрыстығына сеніп, дәріптеу; тіршілікте оның асыл құндылықтарын дұрыс пайдалана білуге баулу.
Дін дегеніміз - ежелден келе жатқан мәдениет түрінің бірі. Екінші сөзбен айтсақ, дін адамгершіліктің, қайырымдылықтың, ізгіліктің, мейірбандылықтың мықтап орнығуына көмектесуде. «Қиянат қылма, ұрлық істеме, кісі ақысын жеме, күштілір әлсіздерге үстемдік жасамасын, жетім жесірге, қаріп-қасірге қорған бол, ақ бол,адал жүр» деп дінде осы сөздер айтылған. Оқырмандарға дін туралы сұрақтар қойылып, жауаптарын алдық. Іс – шара барысында дін туралы кітаптарды көріп, оқып танысты.