Домбыра-дастан

1 шілде Ұлттық домбыра күні мерекесіне орай кітапхананың «Білім» орталығында «Домбыра-дастан» атты ақпараттық сағат өткізілді. Мақсаты: өскелең ұрпақтың ата бабадан кәсіп болған дәстүрлі домбыраға қызығушылық сезімін оятып, тарихтың куәгеріне айналған қасиетті қара домбыраны қастерлеуге тәрбиелеу;
Іс-шара барысында: оқырмандарға қазақ халқының ұлттық аспабы – домбыраның шығу тарихы, маңызы мен ерекшелігі туралы, ұлттық күй өнері, домбыраның шығу тарихы таныстырылып, күй шеберлерінің өмірі жайлы мағлұмат берілді. Сондай-ақ домбыра арқылы ұлттық рухты ояту, қазақтың төл мұрасын насихаттау мақсатында «Домбыра – дастан» кітап көрмесі ұйымдастырылды.