Домбырашы қыз-Дина

2021 жылдың  1 ақпан күні кітапханамыздың "Білім" орталығында қазақтың әйгілі күйші композиторы Дина Нұрпейісованың туғанына 160 жыл толуына орай "Домбырашы қыз-Дина" атты кеш-элегия өтті.

Іс-шараның мақсаты: Домбыра арқылы халық шығармашылық өнерін, көркем өнер туындыларын санамызға сіңіруге тәрбиелеу.Талантты күйшінің өшпес өнерін насихаттай отырып, соңында қалдырған мол мұрасын бүгінгі ұрпаққа таныстыру. Спикер: оқырмандарға қызмет ету бөлімінің кітапханашысы Б. Примаханова ұлы Құрманғазының шәкірті, лайықты мұрагері Дина Нұрпейісованың өмірі мен шығармашылығына тоқталып өтті. Сонымен қатар іс-шара барысында кітапханамыздың тұрақты оқырманы Нұрсейіт Еркебұлан күй тартып, бейнеролик көрсетілді.

6 7

2 3