Достық мерекесі

 1 - мамыр Қазақстан халқының бірлігі күніне орай кітапхананың «Білім» орталығында мектеп оқушыларының қатысуымен «Достық мерекесі» ақпараттық сағат өткізілді. Аталған іс-шара мақсаты: халықтар арасындағы достықты нығайту, достық қарым-қатынастарын қалыптастыруды жалғастыру, Қазақстанның өркендеуіне достық арқылы өз үлестерін қосуға баулу.

        Оқу бөлімінің кітапханашысы И.Талханбаева бірлік, ынтымақтастық туралы түсініктерін кеңейтіп, көп ұлтты халқымыздың тыныштығы мен бірлігін нығайтуға ат салысатын азамат болуға тәрбиелеу туралы ақпарат беріп өтті. Кітап көрмесі ұйымдастырылып, бейнеролик көрсетілді.

14 15 16 17 22 25 26 28 30