Еңбек бәрін жеңбек
2022 жылдың 28 қыркүйек күні «Рухани жаңғыру» бағдарламасының «Еңбек елдің мұраты» арнайы жобасы аясында, Еңбек күніне орай қаланың жас мамандарымен «Еңбек бәрін жеңбек» тақырыбында әңгіме шолу өткізілді.
Іс-шара мақсаты: еңбектің адам өміріндегі маңыздылығын түсіндіру, еңбексүйгіштікке, адамгершілікке тәрбиелеу. Шараны кітапханашы И.Талханбаева ашып, еңбек туралы қысқаша мәлімет берді. «Еңбек бәрін жеңбек» кітап көрмесіне шолу жасалды.