Еңбек ерлікке бастайды

       27 қыркүйек –Еңбек күніне орай кітапхананың «Білім» орталығында «Еңбек ерлікке бастайды» тақырыбында № 1 жалпы білім беретін мектептің 10 сынып оқушыларының қатысуымен еңбек өтілі 50 жылды құрайтын, білім саласының ардагері, ұлағатты ұстаз Ералиева Злиха Гузаровнамен кездесу ұйымдастырып, сыр- сұхбат жүргізді.

     Кездесудің мақсаты: ардагерлер жолын оқушыларға үлгі ету, қарияларды сыйлауға, құрметтеуге, үлкендердің батасын, ананың алғысын ала білуге баулу, еңбек адамының беделін өсіріп, жұмысшы мамандықтарын насихаттауға және өндіріс саласына жастарды көптеп тартуға түрткі болу;

      Кездесу барысында еңбек деген ұлы сөздің құдіретін өнегелі өмір жолымен дәлелдеген ардагер сол жолда кездескен қиындық пен қарбаласқа толы сәттерінен сан алуан сыр шертті. Оқушылар ардагердің әңгімесін аса қызығушылықпен тыңдап, өздерін мазалаған сұрақтарын қойды.       «Батаменен ел көгерер» демекші ардагер апамыз ақ батасын беріп, жастар алғыс алды. Еңбек ардагерімен өткен сұхбат оқушылардың болашаққа деген сенімін арттыра түскендей болды.