Еңбекқор ел – берекелі ел

2026 жылдың 28 қыркүйек Еңбек күніне орай кітапхананың «Білім» орталығында мектеп оқушыларының қатысуымен «Еңбекқор ел – берекелі ел» тақырыбында кездесу кеші өткізілді. Іс-шараның мақсаты: оқушыларға еңбектің адам өміріндегі маңызын түсіндіру, еңбекқорлыққа, жауапкершілікке және өз ісіне адал болуға тәрбиелеу. Еңбек адамдарының кәсіби жолын үлгі ету арқылы оқушылардың мамандық таңдауға қызығушылығын арттыру, еңбекті құрметтеу және бағалау құндылықтарын қалыптастыру;

Кездесудің арнайы қонағы – «Приозерск ЖилСервис» ЖШС учаске бастығы Панаева Айнагүл Қашкенбаевна. Кездесу барысында Панаева А.Қ. өзінің еңбек жолы, кәсіби тәжірибесі және қызмет барысында жинақтаған өмірлік тәжірибесімен бөлісіп, жас ұрпақты еңбексүйгіштікке, жауапкершілікке және өз ісіне адал болуға шақырды. Оқушылар өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, еңбек адамының кәсіби жолы туралы құнды мәліметтер алды. Іс-шара барысында оқушыларға еңбектің адам өміріндегі маңызы, адал еңбек пен жауапкершіліктің құндылығы туралы айтылып, еңбекке байланысты бейнеролик көрсетілді. Сонымен қатар қатысушылар назарына кітап көрмесі таныстырылды.