Егеменді ел қорғаны- Қарулы күштер
2022 жылдың 4 мамыр күні еліміздің айбыны, мақтанышы ҚР Қарулы Күштерінің құрылғанына -30 жыл толуына орай кітапхананың оқу бөлімінде «Егеменді ел қорғаны-Қарулы күштер» тақырыбында патриоттық кеш өткізілді.
Аталған кештің мақсаты: Қазақстандағы Қарулы күштер туралы түсінік қалыптастыру, әрбір азаматтың Отан алдындағы борышы және міндетін өтеу парыз екенін түсіндіру. Отанын, елін, жерін қорғауға тәрбиелеу. Отанымыздың Қарулы Күштерін мақтаныш ету, патриоттық сезімдерін ояту.
Іс-шараға арнайы шақырылған Приозерск гарнизонының Қарулы Күштер ардагерлері ұжымының төрағасы Тілек Кенжебеков, тәжік-ауған шекарасындағы қарулы қақтығысқа қатысушы ардагер Қамқабек Дулатов, Приозерск гарнизоны 44841 әскери бөлімінің мерзімдік қызмет әскери қызметшілері, 06708 әскери бөлімі «Жас зеңбірекші» әскери-патриоттық клубының тәрбиеленушілері, «Жас сарбаз» балалар мен жасөспірімдер әскери-патриоттық қозғалысының 6 сынып оқушылары және «Айналайын» бөбекжайының тәрбиеленушілері қатысты. Шара барысында кеш қонақтары ҚР Әскери Қарулы күштері, әскери қызметтің ерекшеліктері жайлы әңгімелеп берді. Патриоттық кешті ҚР Әскері жайлы бейнематериал мен «Егемен елдің қорғаны – Қарулы күштер»- тақырыбында ұйымдастырылған кітап көрмесі толықтырды.