Экология-өмірдің жүрегі
Дүниежүзілік қоршаған ортаны қорғау күніне орай №1 мектепте «Экология – өмірдің жүрегі» тақырыбында ақпараттық сағат ұйымдастырылып өткізілді. Мақсаты: Ойлау қабілетін, жалпы дүниетанымын, ғылыми көзқарасын дамыта отырып, өз елінің қамын ойлайтын, табиғат байлығын көз қарашығындай қорғайтын азамат болуға тәрбиелеу.
Іс-шара барысында «Экология – өмірдің жүрегі»атты кітап көрмесі таныстырылып, оқушылар жалпы экология дегеніміз не, қоршаған ортаны, табиғатты аялау туралы түсініктерін айтып өтті.