Экология-бүкіл әлем тағдыры
«Приозерск қалалық кітапханасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде 5 маусым – Дүниежүзілік қоршаған ортаны қорғау күніне орай «Рухани жаңғыру» бағдарламасы «Үнем қоғам-қуаты» жобасы аясында «Экология — бүкіл әлем тағдыры» атты эко-ақпарат сағаты ұйымдастырылды. Шара мақсаты - табиғаттың адам өміріндегі зор маңыздылығын насихаттай отырып, оны аялауға, сақтап қорғауға өз үлестерін қосуға жұмылдыру, экологиялық білімдерін молайту, табиғатты қорғау, экологиялық тәрбие негізін қалыптастыру. Жастарды елін, жерін сүюге, қадірлеуге үйрету, экологиялық апаттарды болдырмауға атсалысу;
Табиғаттың тылсым тіршілігі туралы сұрақтарға оқырмандар белсене араласып, мақал-мәтелдер, жұмбақтар шешті. Шара барысында оқырмандар экологиялық мәселелерді қамтитын «Экология — бүкіл әлем тағдыры» атты кітап көрмемен танысты.