Экология-өмірдің соғып тұрған жүрегі
2023 жылдың 5 маусым күні «Рухани жаңғыру» бағдарламасының «Үнем- қоғам қуаты» жобасы аясында кітапханада 5 маусым – Дүниежүзілік қоршаған ортаны қорғау күніне орай «Экология-өмірдің соғып тұрған жүрегі» атты эко-ақпарат сағаты ұйымдастырылды. Шара мақсаты - табиғаттың адам өміріндегі зор маңыздылығын насихаттай отырып, оны аялауға, сақтап қорғауға өз үлестерін қосуға жұмылдыру, экологиялық білімдерін молайту, табиғатты қорғау, экологиялық тәрбие негізін қалыптастыру; жастарды елін, жерін сүюге, қадірлеуге үйрету, экологиялық апаттарды болдырмауға атсалысу;
Экологиялық ақпарат барысында кітапханашы «Тазалық - саулық негізі, саулық - байлық негізі» деп қоршаған ортаның ластануына жол бермеу мәселесіне айрықша мән беру туралы және бүгінгі таңда экологиялық дағдарыс жекелеген ел көлемінен асып, бүкіләлемдік мәселеге айналғанын атап айтты. Табиғаттың тылсым тіршілігі туралы сұрақтарға оқырмандар белсене араласып, мақал-мәтел, жұмбақтар шешті.
Шара барысында оқырмандар экологиялық мәселелерді қамтитын «Экология-өмірдің соғып тұрған жүрегі» атты кітап көрмемен танысты.