Экология-табиғат жүрегі

2025 жылдың 9 маусым күні кітапханада Дүниежүзілік қоршаған ортаны қорғау күніне орай «Экология -табиғат жүрегі» атты тәрбие сағаты ұйымдастырылды. Мақсаты: Оқырмандарды табиғатты аялауға баулу, экологиялық тәрбие беру. Оларды табиғат ғажайыптары мен табиғат құпиялары мағлұматтарымен таныстыру, табиғаттың тіршілігіне және қоршаған ортаны қорғауға деген жоғарғы адамгершілік сезімдері мен жауапкершілігін дамыту;
«Экология»-гректің үй, ғылым деген екі сөзінен тұрады, яғни өзің тұратын үйдің жай- күйін бақылап, біліп , ахуалын жақсартуға бағытталған ілім деген сөз. Табиғат күллі тіршілік атаулының құтты қоңыс, мекені, алтын ұя, бесігі құт берекесі. Адам үшін табиғат ең қастерлі ұғым, өйткені халық өзін табиғаттың бөлінбес бір бөлігі.
Іс-шара барысында «Экология-табиғат жүрегі» кітап көрмесі ұйымдастырылды.