Ел қорғаған ерлерім

9 мамыр-Ұлы Жеңіс күніне орай  2019  жылдың  8 мамыр күні  «Приозерск қалалық кітапханасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің кітапханашылары № 1 жалпы білім беретін қазақ орта мектебінің 10 сынып оқушыларымен «Ел қорғаған ерлерім» тақырыбында тарихи сағат өткізді.

Мақсаты: Ұлы Отан соғысы туралы білімді кеңейту; еліміздің батырлық өткеніне құрмет көрсетуге тәрбиелеу, аға ұрпақтың адамдарына деген аяушылық сезімді ояту, өзін-өзі құрбан ету, ерлік, патриоттық  сияқты адамгершілік сезімдеріне жағымды баға беруге үйрету;

Тарихи естеліксіз өнегелі адам болмайды. Он жылдықтар өтсе де, адамдардың есінен кетпейтін оқиғалар болады. Олар кейін мұрағаттың мүлігіне айналады. Бірақ уақыт өткенде мәні азаймайтын, керісінше жыл сайын ерекше мәнге ие болатын, мәңгілік естелікке айналатын оқиғалар болады.

Кеш барысында «Ел қорғаған ерлерім», «Желбіре,Жеңіс жалауы!» атты кітап көрмелері ұйымдастырылды. 

DSC_0001 DSC_0003 DSC_0007 DSC_0008 DSC_0015 DSC_0022 WhatsApp Image 2019-05-06 at 11.00.26