Ел ертеңі-бүгінгі жас ұландар
2024 жылдың 4 мамыр күні Қазақстан қарулы күштерінің құрылған күніне орай кітапханада «Ел ертеңі-бүгінгі жас ұландар» тақырыбында патриоттық кеш ұйымдастырылып өткізілді. Шараға №1 жалпы білім беретін мектептің «Жас зеңбірекші» әскери-патриоттық клубының тәрбиеленушілері қатысты.
Іс-шараның мақсаты:Жас ұрпақты Отанды сүюге, қазақ елінің рәміздерін қастерлеуге, туған жеріне, мекеніне деген сүйіспеншілігін арттыруға тәрбиелеу.Әдет-ғұрпын, тілін құрметтейтін, жаны таза, адамгершілігі мол, өз Отанын сүйетін азаматты қалыптастыру, патриоттық сезімге баулу.
Шара барысында кітапханашы Қазақстан қарулы күштерінің құрылуы жайлы толық ақпарат беріп, «Ел ертеңі-бүгінгі жас ұландар» атты кітап көрмесі таныстырып өтті.