Елбасы сенімі – ел сенімі
2018 жылғы 29 қарашада қаладағы №1 жалпы орта білім беретін мектебінде «Елбасы сенімі-ел сенімі» тақырыбында Тұңғыш Президент күніне арналған дөңгелек үстел өткізілді. Бұл шараға 9 сынып оқушылары қатысты.
Мақсаты: Елбасының өмір жолынан үлгі ала отырып Отанын, халқын сүюге, ержүректілікке азаматтыққа, патриоттық сезімге тәрбиелеу;
Кітапханашы Ж.Досмуратова Тәуелсіз Қазақстан экономикасын қалыптастыруда Тұңғыш Президенттің атқарған ролімен таныстырды. Аталған іс-шарада Қазақстан Республикасының тәуелсіздік жылдарындағы жетістігі туралы мәселелер қозғалды.Н.Ә.Назарбаев жаңа заманның мемлекеттік және саяси қайраткері,бәсекеге қабілетті мемлекетті құруға бар таланты мен жігерін салған ұлт көшбасшысы екені аталып өтті. Дөңгелек үстелдің барлық қатысушылары Тұңғыш Президентіміз Н.Ә.Назарбаевтың көрегендігі, ақылды саясаты арқасында жас мемлекеттің даму стратегиясы айқындалып, Қазақстан әлемдегі табысты мемлекеттердің қатарын толықтырғаны туралы айтып өтті. Сондай-ақ «Елбасы елімен бірге» көшпелі кітап көрмесі, «Елбасы-ел тірегі» атты кітап көрмесі оқырмандар назарына ұсынылды.