Елімнің бақытын тербеткен-Тәуелсіздік
2018 жылдың 13 желтоқсан күні «Приозерск қалалық кітапханасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне арналған «Елімнің бақытын тербеткен-Тәуелсіздік» атты дөңгелек үстел өтті. Іс-шараға 11 сынып оқушылары қатысты.
Мақсаты: Тәуелсіздік күні туралы терең мағлұмат беру. Тәуелсіздік үшін күрескен, желтоқсан құрбандарын еске түсіріп, желтоқсан құрбандарының ерлігі жайында түсіндіру.
Тәуелсіздік – ең алдымен Қазақ халқының бостандыққа ұмтылған асқақ армандары мен қайсар рухының жемісі. Сондықтан да біз үшін Тәуелсіздік күні – ең қастерлі күн. Еліміз тәуелсіздігін жариялап, дербес мемлекет ретінде әлемге танылды
Дөңгелек үстелге қатысушылар ашық және жемісті пікірталас барысында барысында тәуелсіз мемлекеттің қалыптасуы мен даму тарихының өзекті мәселелерін, қоғамдағы көкейкесті мәселелерді талқылап, өзіндік ойларын ашық жеткізе алды десек болады. Қазақ ұлтының қалыптасуы, өркендеуі, болашаққа нақты бағдар жасай алуы сынды тарихи оқиғалармен астасып жатқан мәселелерді ортаға салды.
Іс-шара барысында оқырмандар назарына «Желтоқсан-Тәуелсіздіктің бастауы» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды.