«Ерлігі мәңгі жасайды»
2024 жылдың 17 қазан күні кітапхананың «Білім» орталығында Халық қаһарманы Рақымжан Қошқарбаевтың ерлігін, шығармашылығын насихаттау мақсатында «Ерлігі мәңгі жасайды» тақырыбында тарихи-патриоттық кеш ұйымдастырылды. Шараға 44841, 06708 әскери бөлімнің сарбаздары қатысты. Кітапханашы Ұлы Отан соғысы кезінде рейхстагқа жеңіс туын тіккен қазақтың қаһарман ұлы Рақымжан Қошқарбаевтың ғұмырнамасы, майданда көрсеткен ерліктері, марапаттары және соғыстан кейінгі өмірі жайлы сыр шертті. Р.Қошқарбаев пен жауынгер Г.Булатов екеуі Кеңес әскерлері арасынан Рейхстагқа алдымен жетіп, Жеңіс туын тікті. Оның ерлігі ұрпақтан-ұрпаққа аңыз десек болады. 2001 жылы Р.Қошқарбаевқа «Халық қаһарманы» атағы берілді. Шара барысында деректі фильмнен үзінді ұсынылып, «Ерлігі мәңгі жасайды» тақырыбында кітап көрмесі жасақталды. Көрмеге Ұлы Отан соғысы жайлы жазған кітаптар мен мерзімді басылымдар бетінде жарияланған материалдар қойылды.