Есімде Ауған соғысы

2024 жылдың 14 ақпан күні Кеңес әскерінің Ауған жерінен шығарылғанына 35 жыл толуына орай кітапхананың «Білім» орталығында «Есімде Ауған соғысы» тақырыбында құрмет кеші өткізілді. Ауғанстан туралы ақиқатты жас ұрпаққа жеткізу, Ауған соғысының ардагерлерін құрметтеу, жас ұрпақтың патриоттық сезімдерін оятып, Отан үшін отқа түсіп қыршынан қиылған, жат жерде көз мұмған қандас, қарулас азаматтарымызды еске алу, жауынгерлердің қысқа ғұмырынан үлгі-өнеге, тарихи тағылым беру мақсатында ұйымдастырылған іс-шараға Приозерск горнизонындағы 06708 әскери бөлімдерінің мерзімдік қызметтегі әскери қызметшілері, қалалық №1 орта мектебінің «Жас зеңбірекші» әскери-патриоттық клубының тәрбиеленушілері қатысты.

        Құрмет кешіне Ауған соғысының ардагерлері Бердібек Ақмурзаев және Сердалиев Қалмырза арнайы шақырылды. Ауғанстан елінде қаза тапқан жауынгерлерді бір минуттық үнсіздікпен еске алып, «Ауған соғысы» атты деректі фильм көрсетілді. Ардагерлерімізге сарбаздар мен оқушылар өз сұрақтарын қойды және оған жауаптарын алды. Іс-шара барысында «Есімде Ауған соғысы» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды. Құрмет кешіне келген қадірлі әрі бас қонақтарымыз ардагерлерімізге кітапханамыздың атынан кішігірім сыйлық  табысталды.

 

9 (5)  10 (4)  11 (3)  12 (2)  13 (1)  15