Домбыра үні – ұлттың үні

Ұлттық домбыра күніне орай халқымыздың рухани мұрасы мен ұлттық өнерін ұлықтауға бағытталған «Домбыра үні – ұлттың үні» атты ақпараттық-музыкалық сағат ұйымдастырылды. Мақсаты: ұлттық құндылықтарды дәріптеу, жас ұрпақтың домбыра өнеріне деген қызығушылығын арттыру, халқымыздың күйшілік дәстүрі мен мәдени мұрасын насихаттау, ұлттық рухты нығайту.

Шара барысында қатысушыларға домбыраның шығу тарихы, қазақ халқының өміріндегі орны мен мәні туралы кеңінен ақпарат берілді. Күй өнерінің көрнекті өкілдері мен олардың шығармашылығы таныстырылып, ұлттық өнердің құдіреті дәріптелді. Сонымен қатар кітапхана қорынан ұйымдастырылған «Домбыра үні – ұлттың үні» атты кітап көрмесі құрылып, домбыра өнері, қазақтың күйшілік дәстүрі мен ұлттық мәдениетке арналған әдебиеттер көпшілік назарына ұсынылды. Шара соңында қатысушылар ұлттық өнерді қастерлеу – елдік пен руханиятты сақтаудың маңызды кепілі екенін атап өтіп, халқымыздың қасиетті домбырасына деген құрметтерін білдірді.