Алаш арысы

2026 жылдың 25 мамыр күні мемлекет және қоғам қайраткері, Алашорда үкіметінің мүшесі, математика саласынан тұңғыш қазақ профессоры Әлімхан Ермековтың туғанына 135 жыл толуына орай «Алаш арысы» атты тарихи-тұлғатану сағаты өткізілді. Іс-шараға мектеп оқушылары қатысты. Іс-шараның мақсаты – жас ұрпаққа Әлімхан Ермековтың өмір жолын, ел тәуелсіздігі жолындағы еңбегін насихаттау, тарихи тұлғаның ғылым мен білім саласына қосқан үлесін таныстыру, оқушылардың отансүйгіштік сезімін арттыру.

Шара барысында кітапханашы Әлімхан Ермековтың қоғамдық-саяси қызметі, Алаш қозғалысындағы орны, қазақ жерінің тұтастығын сақтаудағы еңбегі туралы кеңінен мағлұмат берді. Сонымен қатар тұлғаның өмірі мен шығармашылығына байланысты қызықты деректер айтылып, оқушылар өз ойларын ортаға салды. Тақырыпқа сай дайындалған кітап көрмесі таныстырылып, онда Алаш қайраткерлері мен қазақ тарихына арналған кітаптар оқырмандар назарына ұсынылды. Іс-шара соңында оқушылар тарихи тұлғаның өнегелі өмірінен тағылым алып, ел тарихына деген қызығушылықтарын білдірді. Кеш мазмұнды әрі танымдық деңгейде өтіп, қатысушыларға ерекше әсер қалдырды