Имандылық-ізгілік негізі
Имандылық – адамның қоғамдағы, күнделікті өмірдегі іс-әрекеттерін белгілі-бір қалыпқа түсіретін ішкі рухани реттеуіш қадір-қасиет, адам бойындағы адамгершілік, ізгілік, кісілік белгісі. 2021 жылдың 15 шілде күні кітапхананың «Білім» орталығында, «Сырлас» клубының мүшелері мен кітапхана қызметкерлерінің қатысуымен «Имандылық-ізгілік негізі» атты имандылық сағаты өткізілді.
Мақсаты: Имандылық сөзінің нақты мағынасын түсіну. Өскелең ұрпақтың бойына имандылық, адамгершілік, қасиеттерді қалыптастыру. Адамгершілік қасиетттерге бағыттау арқылы адамның рухани білімін, дүниетанымын байыту. Аталған іс-шара барысында кітапханашы Б.Пирмаханова имандылық жайлы толық ақпарат беріп, сұрақтар қойылып өз пікірлерін ортаға салып өте қызықты өтті. Іс-шара соңында кітап көрмесі ұйымдастырылды.