Қаламгер тұлға

Ағымдағы жылдың 4 қараша жазушы, аудармашы Б. Шаханұлының туғанына 85 жыл толуына орай мектеп оқушыларының қатысуымен «Қаламгер тұлға» атты ақпараттық сағат өткізілді. Мақсаты: жазушының өмірі мен шығармашылығын таныстыру, әдеби мұрасын насихаттау, көркем әдебиетке деген қызығушылығын арттыру және жас ұрпақтың кітап оқуға деген сүйіспеншілігін қалыптастыру. Іс-шара барысында қатысушыларға қаламгердің өмір жолы, шығармашылық еңбектері мен аудармашылық қызметі туралы мазмұнды ақпарат берілді. Жазушының әдебиет әлеміндегі орны мен шығармаларының маңызы таныстырылды. Сонымен қатар арнайы ұйымдастырылған «Қаламгер тұлға» атты кітап көрмесіне шолу жасалып, қаламгердің шығармалары ұсынылды.