Азаттықты аңсаған батырлар
2026 жылғы 11 қарашада Исатай Тайманұлы мен Махамбет Өтемісұлы бастаған Жәңгір хан мен Ресей империясының отаршылдық саясатына қарсы ұлт-азаттық көтерілісіне 190 жыл толуына орай «Азаттықты аңсаған батырлар» тақырыбында тарихи кеш өткізілді. Мақсаты: 1836–1838 жылдардағы ұлт-азаттық көтерілістің тарихи маңызын таныту, И.Тайманұлы мен М.Өтемісұлының ерлігі мен қайсарлығын жас ұрпаққа үлгі ету, оқушылардың туған тарихқа деген қызығушылығын арттыру және отансүйгіштік рухта тәрбиелеу.
Тарихи кешке кітапхана оқырмандары қатысып, көтерілістің шығу себептері, тарихи кезеңдері мен маңызы туралы ақпарат алды. Кездесу барысында Исатай батырдың қолбасшылық ерлігі, Махамбет ақынның жалынды жырлары мен азаттық жолындағы күресі кеңінен таныстырылды. Сонымен қатар оқырмандарға тақырыпқа арналған кітап көрмесі таныстырылып, көрмеге қойылған тарихи әдебиеттер мен танымдық басылымдар туралы мәлімет берілді. Оқырмандар батырлардың өмір жолы мен ел тәуелсіздігі жолындағы күресі туралы мағлұмат алып, тарихи мұраның маңызын тереңірек түсінді.







