Өз заманының жазушысы

Жазушы, драматург Б.Мұқайдың туғанына 75 жыл толуына орай 31 қаңтар күні №2 мектептің оқушыларының қатысуымен  «Өз заманының жазушысы» атты әдеби кеш өткізілді.

Мақсаты: оқушыларды жазушы, драматург Баққожа Мұқайдың  өмірбаянымен және шығармашылығымен таныстыру.:

Шара барысында кітапханашы балаларға Б.Мұқайдың бай мұрасы туралы әңгімеледі. Оқушылар жазушының «Алғашқы махаббат» атты әңгімелер жинағымен және Кенесары ханның ерлігі жайлы жазылған, Мемлекеттік сыйлыққа ие болған «Өмірзая» романымен танысты. Шығармалары көп тілдерге аударылып, ТМД елдерінің театрларында сахналанды.

Іс-шараның соңында «Өз заманының жазушысы» атты ашық  кітап көрмесіне шолу жүргізілді.