Күлкі керуені

1 сәуір – күлкі мен жақсы көңіл-күй мерекесі. Күлкі адамның көңіл-күйін көтереді, күнді көңілді және жарқын етеді. Қалалық кітапханада мектеп оқушыларының қатысуымен «Күлкі керуені» ақпараттық сағат өткізілді. Мақсаты: Балаларға көңілді, көтеріңкі көңіл – күй сыйлау, ептілікке шапшаңдыққа тәрбиелеу, балаларға жылы жымиып, шынайы күліп жүру керектігіне көздерін жеткізе отырып, жақсы істер жасай білу іскерліктерін дамыту.

Кітапханашы И.Талханбаева адам бойындағы құнды қасиеттер туралы, күлкі және жымиюдың адам өміріндегі қажеттілік екені туралы түсіндіріп өтті. Іс-шара соңында кітап көрмесі ұйымдастырылды.

 

10 9 8 7 6