Қазақтың Оразы

        Мемлекет қайраткері, ҚАКСР халық ағарту комиссары Ораз Жандосовтың туғанына 135 жыл толуына орай «Қазақтың Оразы!» тақырыбында портрет кеші өткізілді. Мақсаты: Оқушыларға Ораз Жандосов Қиқымұлының өмірбаяны, қызметі жайында толық мағлұмат бере отырып, олардың білімге деген құштарлығын ояту және сахналық шеберлігін шыңдау. Қоғам қайраткерін үлгі тұтатын , Отанын сүйетін азамат болуға тәрбиелеу.

      Шара барысында Ораз Жандосовтың өмір баяның талқылай отырып оқушылардан берілген мәлеметтер туралы сұрақ-жауап алынды. Іс-шара соңында «Қазақтың Оразы!» атты кітап көрмесі таныстырылып өтті.

36

37

38