Казағым менің-Куляш Ахметова

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, көрнекті ақын Күләш Ахметова биыл 75 жасқа толады.

Осыған орай, 2021 жылдың  22 сәуір күні  қаламыздың №1 жалпы білім беретін мектебінде «Қазағым менің-Күләш Ахметова» атты поэзия сағаты өтті. Іс-шараға «Жас толқын» клубының мүшелері қатысты. Мақсаты: оқушыларды ақынның шығармашылығымен таныстыру, өз Отанын сүйе білуге, адамгершілікке, мейрімділікке, тілді құрметтеуге, поэзияға деген сүйіспеншіліктерін тәрбиелеу қалыптастыру;

Оқу бөлімінің кітапханашысы А. Ешжанова  ақын Күләш Ахметова ның өмірі мен шығармашылығына тоқталып өтті. Іс-шара барысында оқушылар ақын өлеңдерін оқып, шығармашылығына арналған бейнеролик көрсетілді.

 

3 4 5